Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денесі табылға 5 жасар қыздың отбасы оның әдейі өлтірілгеніне сенімді

Қайтыс болған 5 жасар Хуршидам Жапарованың отбасы қайғылы жағдайға сене алар емес. Кішкентай қыз жоғалып кеткеннен соң бірер күннен кейін кәріз құдығынан өлі күйінде табылған еді. Сот-медициналық сараптама қызды лай суға тұншығып өлді деген қорытынды шығарған. Алайда ата-анасы басқаша ойлайды.

photo_186430

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қыз жоғалғаннан кейін ата-анасы бірінші болып сол құдық пен оның жанын бірнеше рет қараған. Алайда денесі тек 36 сағаттан соң табылды.

“Неге екенін білмеймін, сол жақты тағы бір рет қарағым келді. Қақпағын ашқанымда бала бұрышта жатты. Ойлап қараңыз, егер ол екі күн осылай жатса ісініп кетер еді. Ал оның денесі әдеттегідей болды”, – дейді Ават ауылының тұрғыны Эльвира Сасықова.

Хуршидам Жапарованы бүкіл ауыл іздеді. Оларға көрші елді-мекендер де қосылды. Өкінішке орай ол өзінің 6 жасқа толарынан бір ай бұрын қайтыс болды. Оның ата-анасы полицейлердің бұл істің ақ-қарасына қатты үңілмей, өз статистикаларын құртқысы келмей отырғанын айтады.

“Баланың сол жерде өліп қалуы мүмкін емес. Еш шындыққа сай келмейді. Тұншығып қалғаны да өтірік”, – дейді оның анасы Адалят Жапарова.

Сот-медициналық сараптамасының нәтижесінде қыздың өлім себебі “суға тұншығу” деп жазылған.

“Қайтыс болған қыздың денесінде зорлық белгілері көрінбейді. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тексеру жалғасуда”, – деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы Жанар Төлегенқызы.

Хуршидамды жерлеуге бүкіл ауыл келді. Мұндай жұмбақ өлімнен соң ауыл тұрғындары да өз балаларына алаңдаушылық танытуда.

Талқылау