Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайтып келеді деп күттім: Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды

Таяуда ғана күйеуімен ажырасқанын ресми түрде мәлімдеген Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды. Әнші ажырасқан соң біраз уақыт күйеуін күткенін, алайда үмітінің ақталмағанын айтты. Сондай-ақ, қазіргі уақытта ұлы Салтайдың нағашыларының қолында тәрбиеленіп жатқанын атап өтті.

Қайтып келеді деп күттім: Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеп хабарлайды.

“Балам бұзық емес, ерке. Нағашы апасы мен атасының қолында өсіп жатыр. Көзін аша салып “ата” дейді. Түрінен көрініп тұрған шығар, балам әкесіне ұқсайды. Бірақ әкесін мүлдем көрмейді. Әкесі іздемейді, келмейді, сұрамайды. Біраз уақыт болды, әкесін танымайды. Өйткені Салтай 5 айлық кезінде әкесі бізді тастап кеткен. Ол кезде мүлдем бала еді ғой, қазір көрсе де есінде қалмайтын шығар”, – дейді Әуелбекова.

Бүгінде 2 жасқа таяп қалған Салтай өзінің нағашысын, яғни Мөлдірдің інісін “әке” деп атайды екен.

“Қара шаңырақта тұрып жатқан жалғыз інім, өзінің қызы мен ұлы бар. Кешке жұмыстан келгенде ол екеуі “әке” деп жүгіріп шығады. Енді бала көргенін істейді. Ол да әкесі деп ойлайды. Үшеуі бірге жүгіріп шығады. Інім де өте балажан, көп қыдыртады. Өзі жуындырып, айранын беріп отырады. Қалай болса да, папамыз бар”, – деп өзін жұбатты Мөлдір.

Әнші не де болса ұлының өз ата-анасының қолында тәрбиеленіп жатқанына қуанышты. Себебі:

“Үйде бәрі намаз оқиды. Ата-әжесі сәждеге тұрғанда қасына тұра қалады. Сол кісілердің қолында өсіп жатқанына бір жағынан қуанамын. Жақсы тәрбие алып жатыр деп ойлаймын”, – дейді ол.

Мөлдір жеке өміріне қатысты өзгерісті ұзақ уақыт бойы ешкімге айтқысы келмеген. Біріншіден, өзінің көңіл-қошы әрі ештеңеге зауқы болмаса, екіншіден ұлының болашағын ойлаған.

“Ажырасып кеткенімізге 1,5 жылға таяп қалды. Ол балам екеумізді тастап кетті. Қазір енді таңғалатын заман емес қой. Қазір маған айту жеңілдеу, ол кезде әрине қиналдым. Отбасын тастап кетіп жатқан азаматтар жеткілікті. Қазір бәрі оңай. Не істеймін енді? Тағдырым солай.

Күткен уақытым болды. Отбасы деген бірінші орында, киелі ұғым деп тәрбиеленгеннен кейін күткенім рас. Баламның әкесі ғой бәрібір. Баланың әкесіз өскені жақсы емес, бала толыққанды отбасында өсуі керек. Басында үміттеніп, күткен болатынмын. Бірақ жоқ”, – деп ағынан жарылды Әуелбекова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау