Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қайтарса, ешкімге айтпаймын": Мақпал Жүнісова 30 мың долларлық әшекейін ұрлаған адамды кешіруге дайын

Әнші, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Мақпал Жүнісова осыдан бір ай бұрын «Ән мен Әнші» концертінде жоғалтып алған қымбат бұйымның суретін қаладағы барлық алтын өткізетін ломбардтарға жіберіп қойған. Алған адамның ұсталғанын қалаймын дейді Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында. 

Мақпал Жүнісова

Алайда, әнші ұрлаған адамның ұсталғанын қалағанымен оны сотқа тартпайтынын және халыққа жарияламаймын деп отыр.

«Егер біреу біліп, маған айтамын десе, иә қомақты сыйақым бар. Бірақ соттаспаймын. Егер де өзі әкеліп беретін болса, оны халыққа да айтпаймын. Кім алып келіп бергенін. Ішімізде қалатын болады», - дейді әнші.
Тіпті, әнші полицияға да барып шағым түсірмеген. Оған себеп, уақытының жоқтығы екен.   

«Маған полициядағылар өтініш жазыңыз, бірден тауып береміз деген сияқты айтты. Мен жазған жоқпын. Неге десеңіз, менің онымен айналысуға уақытым жоқ. Мен білемін, полицияға хат жазу деген не, ол қайта-қайта сені шақырады»,- дейді Халық әртісі Мақпал Жүнісова. 

Құны 30 мың долларға бағаланатын әшекейдің қолды болуынан кейін Жүнісова бүгінде концерт, жиын-тойларға сырғасын тағып, киімін киіп дайын келетін болған.  

Осыдан бір ай бұрын Халық әртісі Мақпал Жүнісова  өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында «Ән мен әнші» концертінде қымбат әшекейлерін ұрлатып алғанын жазған болатын.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр