Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайтадан ұсталған Жомарт Ертавты сот қамауға алудан бас тартты

Ресейлік сот Қазақстанның сұрауы бойынша RBK банкі басқармасы төрағасы Жомарт Ертаевты қайта тұтқұндауға санкция берді. Алайда Мәскеудің Преснендік соты банкирді изоляторға қамау туралы шешім қабылдамаған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі, РИА Новости сайтына сілтеме беріп.

Қайтадан ұсталған Жомарт Ертавты сот қамауға алудан бас тартты

«Мәскеу қаласының Преснендік ауданаралық прокурорының Жомарт Ертаевты қамауға алсын деген өтінішін аудандық сот мақұлдамады. Оны 2018 жылдың 26 желтоқсанына дейін үй қамауына алды», – дейді сот өкілі.

Айта кетсек, Жомарт Ертаев Қазақстанда ол «Банк РБК» банкінен 80 миллион АҚШ долларын ұрлаған деп айыпталып отыр. Бұрын Ресейдің бас прокуратурасының Жомарт Ертаевты Қазақстан билігіне беруден бас тартқаны туралы оның қорғаушысы айтқан болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау