Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қайта тірілген» алаяқ император қытайлық әйелдің миллиондарына қол сұққан

Қалталы әйелден 47 миллион юаньді (шамамен жеті миллион доллар) алдап алып қойған екі алаяқ кінәлі деп танылды.

pic_32ed7d4e24521332659115a446603e07

Бұл туралы 26 тамыз күні Лента.ру жазған.

Чжэн Сюэцзюй (Zheng Xueju) 2012 жылы Шэньчжэнь қаласының Гуандун елді-мекенінде банк ашпақшы болған. Алаяқтардың бірі оған өзін Цин әулетінен шыққан Цяньлунь қытай императорымын деп таныстырған. 300 жылдан аса уақыт бұрын қайтыс болған «император» ғұмырын ұзартатын эликсир ішкендігін айтып, әйелді алдаған. Оның серіктесі әйел көмектессе, императордың дәулеті қайтарылатынын, сол кезде оған да мол ақша үлестірілетінін айтып, уәде еткен.

Одан кейін алаяқтар Тайбэедегі император сарайының мұражайында тұрған мүсінді, яғни «Жадеит орамжапырағын» қайтару үшін әйелден 2,22 миллион юань (330 мың доллар) сұраған.

Ал әйел оларға аталған соммадан бөлек «тиімді» қаржылық жобаға 15 миллион юань (2,2 миллион доллар) және Шэньчжэндегі технологиялық фирмаға инвестиция салу үшін қосымша 30 миллион юань (4,5 миллион доллар) берген.

Басылымның хабарлауынша, алаяқтар ақшаның көп бөлігін жеке мүлік, көлік және дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсаған.

Цяньлун — цин әулетінің алтыншы маньчжурлық императоры. Ол 1736-1795 жылдары билік еткен.

Жіберіп алмаңыз: 

Алматыда мылқау жандармен ымдаса алған алаяқ мүгедектерді алдаумен ақша тапқан

Ақтауда мыңдаған адам қаржы пирамидасына сеніп, ақшасынан айырылып қалды

СҚО-да алаяқтың арбауына түскен зейнеткер соңғы ақшасынан айырылды

 

Талқылау