Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайта сотталған Төлешов үкімге қатысты өз пікірін білдірді

Ал Шымкент соты атышулы олигарх Тоқтар Төлешов тағы соттады. Бұған дейін мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп 21 жыл абақтыға жабылған “сыра королін” бұл жолы экономикалық қылмыстар бойынша кінәлі деп танығанымен, жаза мерзімі сол күйі қалды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Екі жылға жуық уақыттан бері шуы басылмай жатқан Тоқтар Төлешовтің ісі туралы не анықталды? Жалпы кімдер қатысты?

Бірден айта кетерлік жәйт, қызу талқыға түскен Тоқтар Төлешовтің үкімін оқу кезінде не бір қорғаушысы, не туыстары болған жоқ. Ал экс-олигархтың өзі тағдыры шешіліп жатса да әдеттегідей жымиған қалпынан танған жоқ. “Салықтан жалтару”, “өкілеттігін асыра пайдалану” секілді баптармен айыпталған оған сот бір баппен 5, екіншісімен 2 жыл тағайындаса да алдыңғы 21 жыл жазасына сіңдірді. Яғни, сол 21 жыл өзгерген жоқ. Дегенмен, сатылған сырадан төленбей қалған қыруар салық өндірілуі тиіс.

“ОҚО Прокуратурасының талап арызы қанағаттандырылып отыр. Мемлекетке 1млрд 368 млн 587 мың 455 теңге мемлекет  пайдасына өндіріліп отыр”, – дейді Еңбекші аудандық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов.

Сот шешімі бойынша бұл соманы Төлешов бір айдың ішінде төлеуі керек. Әйтпесе мәжбүрлі түрде өндіріледі екен. Одан өзге 3 миллионға жуық сот шығыны бар. Төрт айдан бері тергеліп жатқан істе Тоқтар Төлешовтен өзге тағы 8 адам болған еді.

Салықшылар, сыра зауытының есепшілері мен бизнесмендерден құралған топтың жетеуіне осыған дейін үкім оқылған. Бесеуі рақымшылыққа ілінсе, біреуінің айыбы қысқарып, тағы біреуі шартты түрдегі жазамен құтылған. Ал бүгін Төлешовпен бірге сотталған салықшы Нұржан Қарақожаевтың бостандығы 2 жылға шектелді. Сот процессі басталғалы күлімдеумен болған Төлешовтің соңына қарай жүйкесі жұқарған болуы керек, тағылған айып пен соттың өзін театрға балады.

“Я говорю все это надуманное преступление. У меня нет преступлении ни одной”, – деді Төлешов.

Былтыр қаңтар айының соңында “кісі өлтірді” “қылмыстық топ құрды” тіпті “мемлекеттік төңкеріс” жасамақ болды деген айыппен ұсталған Төлешов, бағана айтылғандай, 21 жылға сотталған. Бүкіл дүние-мүлкі тәркіленді. Енді экономикалық қылмыстармен жазасы ауырламаса да бір жарым миллиардқа жуық қарыз болып қалған ол шағым жазам деп отыр. Бірақ, экс-олигархтың өзі нәтиже шығарына сенбейді.

Жіберіп алмаңыз:

Атышулы “Әділ Қытай” мафиясының қылмысын жасырып келген полковник Қасабеков сотталды

Қазақстандық азамат Нью-Йорктегі қанды оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Өскемен әкімі орынбасарына қызметтік көлікпен жүруге тыйым салды

Сен кімсің маған адамгершілік туралы айтатын: Таразда басшыны видеоға түсіріп алды

Талқылау