Қайта алу мүмкін емес: Алматыда дәрігерлер науқастың денесіне темір бұрғы қалдырып кеткен

Алматыда ота жасатқан науқас дәрігерлерді сотқа берді. Дәрігерлер ота кезінде науқастың денесіне темір қалдырып кеткен.

Қайта алу мүмкін емес: Алматыда дәрігерлер науқастың денесіне темір бұрғы қалдырып кеткен

Айсәулет Айқын былтырғы жылы жаз айында Алматыдағы №4 клиникалық ауруханаға ота жасатқан. Бала күнінен жамбасы кеміс болғандықтан жамбас ұршығына арнайы табақша қойдырды. Дәрігерлер отадан соң жағдайы жақсарады дегенімен, науқастың денсаулығы керісінше нашарлай бастаған, деп хабарлайды Астана арнасы.

«Отаны жамбасыма жасағанымен тіземнің жоғары жағы ауырды. Ауруханаға барып едім ешкім сырын таппады. Қайта-қайта рентгенге түсіп, ақырынды жілікке темір қадалып тұрғанын көрдік. Оның темір бұрғының тісі екенін білдік. Сараптама жасатқанымызда ота кезінде бұрғының бөлігі сынып, денеде қалғанын анықтап берді», – дейді науқас.

Дәрігерлер бұрғының тісі сынып кетуі сирек кездесетінін айтып, науқасқа оның зиян келтірмейтінін айтқан. Бірақ қайта ота жасап, жіліктен темірді алуға батылы бармай отыр. Оның оңай ота емес екенін айтады.

Айсәулет азаматтық арыз жазған. Алғашқы сот отырысы кезінде дәрігерлер кінәсіздігін айтқан. Осыдан соң жәбірленуші қылмыстық іс ретінде арыз түсіруге бел байлады.

Адвокат Кәмшат Шінтекова мұның дәрігерлердің өрескел қателігі екенін айтып, сот арқылы кінәсін дәлелдеуге бекінген.

«Дәрігерлерден көмек сұрап едік, келісімге келмеді. Сондықтан қылмыстық іс ашуды талап етеміз. Адам өмірімен ойнауға бола ма?»,-  дейді адвокат.

Айсәулеттің жамбасында қалған темір 4 см-ге жетеді. Оны ота арқылы ала ма, жоқ па әзірге белгісіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар