"Қайсысын таңдасам екен": Жанар Хамитова екінші рет тұрмыс құрмақ

Жанар Хамитова екінші мәрте тұрмысқа шықпақ, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі «Ревью» бағдарламасына сілтеме жасап.

Жанар Хамитованың жаңалығы таусылар емес. Біршама уақыт бойы сахнадан көрінбей кеткен оның жұлдызды өмірі енді басталды. Өнер иесінің алдағы жоспары тұрмыс құрып, қалыңдық атану екен. 

Жігіттердің барлығы әдемі екенін айтқан өнер иесі таңдау жасай алмай жүрген сыңайлы.

«Жоспарда бар. Бірақ мен білмеймін бәрі әдемі. Туркияда күйеуімнен ажырасып кеткеннен кейін, маған ұсыныс жасағандар көп болды. Қайсысын таңдасам екен деп ойладым. Тұрмыс құруға дайынмын», - дейді Жанар Хамитова. 

2018 жылдың 26 желтоқсанында ресми түрде ажырасқан Хамитованың қос ұлы бар. Ұлдарының экс-күйеуінде екенін айтқан ол балаларын толыққанды қамтамассыз етіп отырған да сол екенін жасырмады.

«Жиі кездесіп тұрамыз. Балаларым таңнан кешке дейін оқуда. Менің бұрынғы күйеуім балаларға қажеттінің барлығын алып беріп, қамтамассыз ете алады», - деп айтты сенімділікпен.

Ал Жанарға қиын жағдайда қолдау білдірген әншінің продюсері Сиви Махмұди Хамитованы тұрмысқа бермей көңілі жай таппайтынын айтты.

«Әйел адам бір-бірін түсінеді. Қыз баланың тағдыры оңай емес. Жанар кішкентай кезінен-ақ өмір жолы оңай болған жоқ. Тұрмысқа бергенше жауаптымын деп ант беремін, Құдай қаласа», - дейді Сиви Махмұди.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр