Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайраттың” шотландиялық фанаты ұлына қазақ футболшыларының есімдерін атауды үйретті (видео)

“Қайрат” футбол клубының шотландиялық жанкүйері кішкентай ұлына команда футболшыларының аты-жөнін үйретіп қойған.

photo_84055

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Глазгол қаласының тумасы Саймон Хилдик “Қайраттың” Евро додалардағы матчтарына қалмай келіп, жанкүйерлік етеді. Ол қатысқан сегіз матчтың жетеуінде “Қайрат” жеңіске жетіп, бір кездесуде тең түсіпті.

Оның айтуынша, ұлына да қазақстандық команда туралы жете түсіндіріп отырады екен. Ұлы Скаймен бірге интернет арқылы “Қайраттың” ел чемпионатындағы барлық матчтарын қалдырмай көріп отырады. Болашақта ұлын футболшы етіп, “Қайраттың” намысын қорғаса деген де арманы бар.

Оқи отырыңыздар:

Илья Ильин спорттың жаңа түрлерін меңгеріп жүр

Илья Ильин отбасылық видеосымен бөлісіп көпшіліктің жүрегін елжіретті (видео)

Данияр Елеусінов 10 миллион теңгесін сал ауруына шалдыққан балаларға аударды (фото, видео)

Талқылау