Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайратқа” жаңа бапкер тағайындалды

Футболдан Алматының «Қайрат» командасына ресейлік маман Александр Бородюк бас бапкер болып тағайындалды. Бұл туралы команданың ресми сайты мәлімдеді.

A2ADC94F-B7EB-4FAC-B027-023BA2480DB7_w640_r1_cx0_cy3_cw0_s

Бұл туралы “Азаттық радиосы” хабарлайды.

Бородюк “Қайратпен” үш жылдық келісім-шартқа қол қойған.

Бородюк ойыншы ретінде футбол карьерасын «Факел», «Динамо Мәскеу» командаларында бастаған. Кейін ол германиялық «Шальке-04» клубы сапында ойнап, 120 матчта 41 гол салған. «Шалькеден» соң Бородюк Германияның «Фрайбург», «Ганновер» клубтарында ойнаған. Александр Бородюк СССР құрамасы сапында олимпиада чемпионы болған.

Бородюк 2001 жылы «Крылья Советов» клубының бапкерлер кеңесіне енген. Ал 2002 жылы Ресей құрамасында Дик Адвокат пен Гус Хиддинкке көмектесті. Бұл қызметпен қатар Ресей жастар құрамасына бас бапкер қызметін қатар атқарған.

Осыған дейін «Қайратты» словакиялық маман Владимир Вайсс жаттықтырған еді. Ол маусым аяқталған соң қызметінен кеткен. Былтырғы маусымда “Қайрат” Қазақстан чемпионатында күміс медаль алып, Қазақстан кубогында жеңіске жеткен.

Талқылау