Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Жамалиевтің Lamborghini көлігін ақтөбелік азамат иеленді

Қайрат Жамалиевтің «Lamborghini Gallardo» көлігін Ақтөбе облысының тұрғыны 30 миллионға сатып алған. Әзірге жаңа қожайын VIP-автоның бастапқы кепілдік сомасы – 7 млн теңгені ғана төлепті. Енді бір ай ішінде қалған қаржыны өтеуі тиіс.

news1453722925-1

Сурет: kursiv.kz

Бұл туралы Astana арнасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім жетекшісі Серік Қадуәлиевке сілтеме жасап хабарлайды.

Қайрат Жамалиевке тиесілі көлік былтыр сот шешімімен тәркіленіп, бұған дейін 2 мәрте мемлекеттік аукционға қойылған. Бірақ сатып алушы 27 сәуірде өткен 3-аукционда ғана шығып отыр. Бастапқыда құны 237 млн теңгеге белгіленгенімен, спорткар 30 млн 451 мың 840 теңгеге сатылған. Жамалиевтің тағы екі көлігі тәркіленген. Бірақ олар комиссияның шешімімен мемлекеттік органдардың жеке пайдасына өткізілген. Қазір сотты болған кәсіпкердің өзге де мүліктері есептеліп жатыр.

“Жамалиевтің ЖШС-дегі үлестеріне келер болсақ, оның 5 ЖШС-де үлестері бар. Қазір олар бойынша есепке алу шаралары жүргізілуде. Одан кейін бағалау жұмысы жүргізіліп, сатылатын болады. ҚР Азаматтық кодексінің 216-бабына сәйкес үлестер бірінші кезекте ЖШС-ның басқа қатысушыларына ұсынылады. Егер олар бас тартса, аукционға саудаға шығарылатын болады”, – Астана қалалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім жетекшісі Серік Қадуәлиев.

Еске салсақ, былтыр астаналық танымал кәсіпкер 46 жастағы Қайрат Жамалиев 13 жылға сотталған еді. Әрі бар мүлкі де тәркіленген. Оған “адам өміріне қауіп төндірді, аса ірі көлемде ақша бопсалады және сексуалдық зорлық-зомбылық көрсетті” деген 3-бап бойынша айып тағылған. Нақтыласақ, бизнесмен азаматтық некедегі әйелінің танысы Әліби Жұмағұловты сыбайластарымен бірге ауыр соққыға жыққан болатын. Журналист Дана Саудегерова сол резонасты істе әлеуметтік желінің үлесі зор болғанын айтады.

“Бұл істе көп нәрсені білуімізге тура келді. Себебі тергеудің құпиялығы сақталды. Қылмыстың нақты болғаны анықталған соң, үздіксіз ақпарат таратып отырдық. Іс фейсбук пен инстаграмда да қызу көтеріліп жатты. Әрине, журналистің міндеті – нақты, екі жақты шындықты жеткізу. Сондықтан құзырлы орындардың да ресми мәлімдемесін қатар беріп отырдық”, – дейді ақпараттық портал бас редакторы Дана Саудегерова.


Оқи отырыңыз:

Қайрат Жамалиевтің Lamborghini көлігі 30 миллион теңгеге сатылды

Қайрат Жамалиевтің аукционға түскен қымбат көлігін ешкім алмай қойды

Талқылау