Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Жамалиевтің Lamborghini көлігі 30 миллион теңгеге сатылды

“Голландиялық аукцион” түрінде өткен бәссауда бүгін өткізілді. Қымбат көліктің бастапқы бағасы 237 905 000 теңге деп көрсетілген.

news1453722925

Сурет kursiv.kz

Саудадан соң бизнесменнің көлігі 30 451 840 теңгеге сатылды. Ал темір тұлпардың бағалау құны – 47 581 000 теңге.

Сатушы ретінде ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және Астана қалалық мемлекеттік үлік және жекешелендіру департаменті көлікті бағалады. Ескертпеде көліктің кілті жоқ екендігі айтылған.

Департаментте сатып алушының келісімге қол қойғанға дейін сатылымнан бас тартуға құқығы бар екендігі көрсетілген.

Автомобиль сот шешімімен бизнесмен Қайрат Жамалиевтен тәркіленген болатын. Көлікті сатудан түскен табыстың барлығы мемлекет қазынасына құйылады. Lamborghini осы жылдың ақпан айында саудаға шығарылып, алайда кейінірек оның зайыбының өтінішімен қайта алынып тасталған еді.

Бұған дейін Қайрат Жамалиевке тиесілі бұл көлікті ешкімнің алмай қойғанын жазған едік.

Талқылау