Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Жамалиевтің аукционға түскен қымбат көлігін ешкім алмай қойды

13 жылға абақтыға қамалған Қайрат Жамалиевтің қымбат көлігі бүгін аукционға шығарылып, ашық саудаға түсті. 3 жылдан артық қолданылмаған, судай жаңа Ламборгини Галлардоның бастапқы бағасы 238 миллион теңге болған.

news1453722925

Сурет kursiv.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ал аукциондағы спорткардың минималды құны 38 миллион 64 мың теңгеден төмен түспеуі керек болатын. Алайда қоғам арасында үлкен резонанс тудырған аты шулы іс бойынша тәркіленген мүлікті аламын дейтін адам табылмапты.

Темір тұлпарды арестен шығару, есепке қою, салық пен айыппұл қарыздарын өтеу көліктің жаңа қожайынына жүктелмек. Сондай-ақ кілті жоқ ламборгиниді сақтау орнынан амалын тауып, алып шығу да сатып алушының бас ауруы. Аукционға қатысушыларды осы бір қиындықтар қорқытты ма, әлде қалталы азаматтар аты жаман бұл оқиғадан алшақ болғылары келді ме, әйтеуір ламборгиниге сұраныс мүлде болмаған екен. Ал мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлері элиталық темір тұлпар жаңа иесін тапқанға дейін саудаға шығарылатынын жеткізді.

Талқылау