Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Жамалиев түрмеден шығу үшін қанша теңге төледі?

Сот шешімімен Қайрат Жамалиев жазаның өтелмеген бөлігіне 900 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Қазақстан азаматы Әліби Жұмағұловты соққыға жыққаны үшін абақтыға жабылған, атушылы кәсіпкер Қайрат Жамалиев 1 миллион теңге мөлшерінде айыппұл төлеп, бостандыққа шықты. Кәсіпкер қазіргі уақытта елімізде орналасқан бірде-бір қылмыстық атқару жүйесінің мекемесінде тіркелмеген. Бұл ақпаратты қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөзі растады.

Көкшетау қаласының соты өтелмеген жазаның бөлігін қылмыстық кодекстің 73- бабы, 3-тармағына сүйеніп айыппұлға алмастыру туралы шешім қабылдаған.

Осы баптың 3-тармағына сәйкес, сот жазаның өтелмеген бөлігін қылмыскердің бостандықтағы 4 күніне бір АЕК (Айлық Есептік Көрсеткіш) есебімен айыппұл тағайындап, алмастырды. 2018 жылы бір АЕК 2405 теңгені құрайды.

Айыппұлдың көлемі 900 мың теңге. Оның бостандықтағы 4 күніне бір АЕК алынады, – деді Қайрат Жамаливетың адвокаты Сәлімжан Мусин.

Естеріңізге сала кетейік, астаналық кәсіпкер 2015 жылы Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты соққыға жығып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Әлібидің әкесі қоғамнан көмек сұрап, Қайрат Жамалиевтың заң жүзінде жазалануын талап еткен. Кейін кәсіпкердің шартты жазамен 7 жылға сотталғаны белгілі болды.

Желтоқсан айында оның бостандыққа 4 жыл, 4 ай және 28 тәуліктен кейін шығатыны белгілі болды.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау