Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Жамалиев тағы да бұзақылық жасады деп күдіктелуде

Кәсіпкер Қайрат Жамалиев бұзақылық үшін күдіктелу үстінде. Ақпаратты Астана қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп жазады Tengrinews.kz.

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, “Полицейлер “Бұзақылық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Сараптама тағайындалды. Уақытша ұстау абақтысына жіберілген жоқ.

Одан өзге ақпарат жариялаған жоқ. Қазақстандық бизнесмен Жамалиев Қайрат “Әліби ісіне” қатысты айыпталған еді. 2015 жылы Астана тұрғыны желіге Әліби Жұмағұловтың жараланған түрін жария етті. Оны бизнесмен Қайрат Жамалиев ұрғаны белгілі болды. Кәсіпкер мен оның жақтастары Арман Әбілтаев пен Анатолий Прибытков ұсталды.

Сот шешімімен Жамалиев 13 жылға сотталды. Кейін жазасы жеңілдетіліп, 7 жылға дейін қысқарды. Алайда ол мерзімді ді түрмеде өтемей жазасы айыппұлмен ауыстырылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау