Қайрат Түнтеков «Тоқтама» әнімен сахнаға оралды

Жұма, 20 Мамыр , 2016 22:12

Бақандай төрт жыл бойы шығармашылық тоқырауға ұшырадым деген әнші Қайрат Түнтеков қайда жүрді?Басы дауға қалған әншінің сахнаға қайта оралғаны рас па?Ал әнші Серікбол Сайлаубектің туған күніне сыйланған су жаңа көліктің құны қанша?

қайраттт

Бұл сұрақтардың жауабын 31 арна іздеп көрген еді.

Көптен бері ел назарынан тасада жүрген Түнтеков жақында ғана диджей Алмас есімді жігітпен дуэт орындап, көпшілікті “Тоқтама” әнімен таң қалдырды. Осы әннен кейін шоу-бизнес өкілі шығармашылығына білек сыбана кіріскен.

«Әй, Қайрат тоқтама, ары қарай жүре бер, деп жатыр көпшілігі»,- дейді әнші Қайрат Түнтеков

Сондай-ақ, Қайрат қос бірдей үнтаспаны жарыққа шығармақ. Ағылшын және қазақ тілдерінде. Оны ел назарына ұсынған соң тыңдармандарымен де қауышуды ойластырып жүр. Елді аралап үлкен концерт бермек. Қайраттың осыдан былай әндері де, стилі де өзгеше болмақ.

«Жасым отызда әндерім де өзгереді»,-дейді Қайрат.

Иә, бұл су жаңа көлікпен енді әнші Серікбол Сайлаубек қала ішінде жүйткитін болады. Арнайы сыйлықты әншінің отыз жасқа толған туған күн кешінде достары мен туған-туыстары сыйлады.

«Үлкен маған қуаныш болып жатыр, тосын сый болды»,-дейді әнші Серікбол Сайлаубек.

Әнші150 адамға дастархан жайды. Мерекелік кешін дүркіретіп атап өткен ол келген қонақтарын ерекше қарсы алды. Ханның киімін киіп, кештің көркін қыздыру үшін арнайы қалың будың арасынан шықты.

Серікбол көпшілікке кеште анасын және үш баласымен жарын таныстырды. Әншінің үйдегі бабын келтіріп отырған жұбайы міне, Әлмира.

Соңғы уақытта “Ой жеңге” әні көпшіліктің көңілінен шығып, тойларға да сұранысы артқан. Әлбетте, гастрольдік сапарлар да артатыны сөзссіз. Ал, әншінің жары қыздардан қызғанбайды.

«Қызғанбаймын, уақыт та жоқ»,-дейді Сайлаубектің жары Әлмира Ерубаева.

Әншіні құттықтап келген әріптестері де көп болды.Сыйлық пен гүлдің астында қалды.

Ал, әнші Қарақат Әбілдина жары Қыдырәлі Болмановтың туған күніне екінші әйел алып бергенім жөн болар деп әлеуметтік желіге жариялап елді бір шулатты. Жазбаға 3000-ға жуық адам пікір білдіріп, 8000 адам қолдаған. Қарақат: “Азаматымның алтын басын құрметтей отырып, басымды ие отырып, Алла разылығы үшiн екіншi әйел алып бергенiм дұрыс болар деп шешiп отырмын” дейді. Әншінің өзіне хабарласқанда бұл ақпарды жоққа шығармады. Алайда, бір айдан кейін көпшілікке жариялайтынын айтты. Әзірге, тек күтеміз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар