Қайрат Түнтеков алғашқы дәрісіне 1 сағат кешігіп келді

Жұма, 22 Сәуір , 2016 11:29

Қайрат Түнтеков араға бірнеше жыл үзіліс салып, тыңдармандарына қайта оралды. Бірақ бұл жолы әнші ретінде емес, өзінің болашағын шоу-бизнеспен байланыстырғысы келетін жастарға дәріскер болмақ ниетпен оралған.

titm9Acr_yc

Фото: xmusic.kz

Жақында әнші Қайрат Түнтековтың продюсерлік орталықтардың бірінде эстрада шеберлігі бойынша дәріс оқып жүргені анықталды. Алғашқы дәрісіне бір сағат кешігіп келген Түнтековтың бұл жұмысын болашақта қалай атқаратыны әзірге белгісіз.

“Вокал бойынша сабақ беретіндей мен бұл саланың кәсіби маманы емеспін. Бар болғаны дәріс оқимын. Жастарға бағыт-бағдар беріп, білгендеріммен бөлісемін”, – дейді әнші НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында.

Әншінің сөзіне сенсек, дәріс өткізуге лайық тәжірибесі мен білімі жетерлік.

Түнтеков айтып отырған продюсерлік орталық жақын досына тиесілі екен. Компанияның таныстырушысы болуға жақсы қарым-қатынастары себеп болған.  Ал досы өз кезегінде орталыққа келіп ән жазуға Қайрат Түнтековке рұқсат берген.

Осы уақытқа дейін кей ақпарат көзі Қайрат Түнтековке іздеу жарияланғанын жарыса жазған-ды. Әнші шетелге шығуға тыйым салғандықтан, Шымкент қаласында еңбектеніп, бар тапқанын қарызын өтеуге жинаған көрінеді. Осыдан 4 жыл бұрын Алматы қаласында жол апатына себепкер болған әнші зардап шегушілерге 25 мың доллар айыппұл төлеуі тиіс. Қарзының жартысын ғана төлеген әнші 2015 жылдың соңына дейін 100%  өтейтінін айтқан болатын. Әзірге істің немен аяқталғаны белгісіз. Десе де, әнші киелі сахнаға қайта оралып, тыңдармандарын жаңа альбомымен қуантпақ.


Оқи отырыңыз:

Қайрат Түнтековтің тыңдармандары әншінің толып кеткенін байқаған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Кайрат Тнутековтің дәріс сабағына қалай қатысуға болады?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар