Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайрат” шабуылшысы Аршавин қызды болды

“Қайраттың” шабуылшысы, танымал ресейлік футболшы Андрей Аршавин қызды болды.

IiZXZK-2YAZ4

Бұл туралы “Санкт-Петербург” телеарнасы хабарлайды.

Қуанышты хабарды Аршавиннің келіншегі, Алиса Казьмина да желідегі парақшасында сүйінші сұрап хабарлаған екен.

Қызының бойы 51 см, ал салмағы 3150 келі болған. Қазір отбасы Испанияда демалып жатқан көрінеді.

Аршавин мен журналист Алиса Казьмина 2016 жылы 1 қыркүйекте үйленген болатын. Алисаның бұл үшінші сәбиі. Бұған дейін оның бірінші некесінен ұлы мен қызы бар. Ал Андрейдің бірінші әйелінен үш баласы бар.

Футболшы бұған дейін тоғыз жыл Юлия Барановскаямен азаматтық некеде тұрған еді.

Талқылау