Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президенттің немере інісі отандық көліктерді құрастыруға инвестиция салды

Alatau Invest Capital мен Қостанайдағы Allur Group компаниясы Ұлттық қазақстандық автокөліктер кластерін дамыту аясында инвестиция тарту және стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі меморандумға қол қойды.

05-04-2016-Kostanay-02

Сурет: egemen.kz

Бұл туралы Allur Group компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Құжат бойынша, жолаушылар автомобильдері, жеңіл коммерциялық жүк машиналары, ауыр жүк машиналары, автобустар өндірісі, ұлттық қазақстандық автомобиль брендін құру, Қостанай облысында жалпы ауданы 400 гектар индустриялық аймақ құру және дамыту, ғылыми-зерттеу және конструкторлық база құру бағыттарына инвестиция салу көзделген.

Алдымен JAC және Peugeot жеңіл автокөліктердің CKD (ұсақ торапты жоғары технологиялық өндіріс)-жобасы, коммерциялық техника мен автобустардың CKD-жобасы сынды екі ірі жоба жүзеге асырылады. JAC және Peugeot жеңіл автокөліктер жобасның 80%-ын (4.7 млн теңге) China National Machinery Қытай инвестициялық компаниясы, 20%-ын (2.5 млн теңге) Alatau Invest Capital компаниясы қаржыландырады. Коммерциялық техника мен автобустар жобасына аталған екі компания 50%-дан, 2.5 млн теңгеден қаржыландырады.

«Біздің қор жетекшілігі қандай өндіріс саласына инвестиция құю керектігін зерттей келе, ақыры автокөліктерді құрастыру өндірісін қолға алды. Бұл шынында да Қазақстандағы үш лицензия ішіндегі ең жаңа технология. Ресейде 30 лицензия берілген. Алдымызда үлкен бәсекелестік орын алатынын сөзсіз. Сондықтан мемлекет тарапынан және жеке тұлғалар тарапынан қолдау күтеміз. Өйткені, қазақстандықтардың AllurGroup компаниясы шығарған көліктерді мініп жүретін күні алыс емес», – дейді Alatau Invest Capital компаниясының басқарушы серіктесі Қайрат Сатыбалдыұлы.

Талқылау