Қайрат пен Төреғалидің әйелдерімен түскен суреті қызу талқыға түсті

Қайрат Нұртастың 30 жасына әріптесі Төреғали Төреәлі де құр алақан келген жоқ. Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өткен кешке қатысқан Төреш әріптесіне жыр жолдарын арнады, деп жазады Stan.kz.

Қайрат пен Төреғалидің әйелдерімен түскен суреті қызу талқыға түсті

Қайрат келіншегін халықтан 10 жыл жасырса, Төреғали үш жылға жуық отбасылы екенін ешкімге айтпады. Бір қызығы, қос келіннің ел алдына шығуы бір уақытқа, нақтырақ айтсақ 2017 жылдың қазан айына тұспа-тұс келді. Дәл осы айда Қайрат Жұлдыз екеуі басты рөлді сомдаған “Арман/Когда ангелы спят” фильмін жарыққа шығарса, 25 жасқа толған Төреш үйлену тойын дүркіретіп атап өтті. Тіпті, сол кезде көпшілік Төреғали Қайраттың ісін қайталады деп біраз сөз еткені рас.

Ал бүгінде қос хитмен келіншектерін жасырмайды. Той-томалаққа өздерімен бірге ертіп, әлеуметтік желідегі парақшаларына жүздерін жасырмай салады.

Күні кеше Қайраттың 30 жасында екі жұптың бірге түскен суреті желіде қызу талқыға түсті. Оқырмандардың пікіріне көз жүгіртсек, басым бөлігі басынан орамалы түспейтін, үлкендерге сәлемін үзбейтін Толқынға деген ризашылықтарын жеткізген.

“ТТТ келіншегі молодец, басынан орамалы түспейді”, “Бәрінен де сұлу орамал таққан Толқыным, жаным сол. Орамал әр мұсылман әйелге жарасқан керемет дүние”, “Керемет өлең шумақ, бірақ одан да керемет жұбайың. Маған өте ұнайды, сондай қарапайым, сымбатты, орамалды үнемей тастамай тағып жүреді”, – дейді оқырмандар.

Ал “Ұлы дала баласының” Қайратқа арнаған өлең жолдары мынадай:

“Қайратты туған Гүл ана,
Қайратты қылған Нұр аға.
“Тектіден текті туа ма
Тектілік тұқым қуа ма”
Тойыңа бардық гүл алып
Қуанышыңа қуана!

Е айналайын Қайраға!
Көңілі дарxан айдала.
Бақ тілеп отыр басыңа
Ақ тілек айтып айнала,
Айбатым деп тұр Алашым
Қайратым деп тұр қаймана.
Алты қыр асып әндерің
Атағың жетті айға да.
Бір жерің маған ұқсайды
Бірдейсің кедей байға да.
Отызға толған оғланым
Жақсы көрем ғой жәй ғана.
Раxымды Алла біздерді
Дос қылса екен Райда да.
Жарқырап Жұлдыз ұл-қызың
Аман жүр досым қайда да!”

Айта кетейік, 2007 жылы шаңырақ көтерген Қайрат пен Жұлдыз бүгінде екі қыз, екі ұл тәрбиелеп отырған көпбалалы ата-ана. Ал небәрі 4,5 жыл бұрын отбасын құрған Төреғали мен Толқын осы уақыт аралығында үш қызды өмірге әкеліп үлгерген.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр