Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың енесі Айдарбековтердің қандай талап қойғанын айтты

Қайрат Нұртас алғашқыда 10 жыл бойы жасырған жұбайын жұртқа таныстырып, кейін төрт баласының қатысуымен жанұялық шоу өткізген еді. Бір қызығы, Гүлзира Айдарбекова осы уақытқа дейін әншінің отбасы жайлы ешкімге тіс жармау туралы қатаң талапты хитменнің қайын жұртына да қойған екен. Бұл жайында Жұлдыз Әбдікәрімованың анасы Бекзада Кемелова Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Қайрат Нұртастың енесі Айдарбековтердің қандай талап қойғанын айтты

«Біздер басында солай келістік. Қайрат Нұртас біздің күйеу баламыз екенін 10 жыл бойы ешкімге айтпадық. Өйткені, Қайратты бірінші халыққа танытып, шығарып алуымыз керек болды. Жас үйленген кездері еді. Енді сол мақсаттарына жетіп, Алланың бұйырған күніменен Жұлдыз да ел алдына шықты. «Қыз бала шиден тысқары» дейді ғой. Менен кетті, Гүлзираға жетті. Енді ол өзінің барған жерінің тәрбиесінде. Маған қарағанда Гүлзираға жақын. Сол өзінің енесімен кеңеседі. Осыдан 10 жыл бұрын Жұлдыздың жұлдызын жағамын деп серт берген. Қызымды жоғарыға шығарды. Киносымен көрсетті. Құдағиым Гүлзира ханым өзі айтты, берген уәдесінде тұрды. Біз ризамыз», – дейді Жұлдыздың анасы.

Қайрат Нұртастың енесі Айдарбековтердің қандай талап қойғанын айтты

«Арман» картинасы жарыққа шыққалы Жұлдыздың да танымалдылығы артты. Қалың көпшілікке актрисалық қырын танытқан ол, қазір отандық арналардың бірінде тележүргізуші ретінде жұмыс істейді. Аздаған уақыт ішінде көптің қызығушылығын оятқан қызының жетістігіне ата-анасы дән риза.

Қайрат Нұртастың енесі Айдарбековтердің қандай талап қойғанын айтты

«Өзіміздің қызымыз сондай биіктен көрініп жатса, қалай қарамасқа? Қайрат Нұртастың енесі болсам, қазір Жұлдыз Әбдікәрімованың анасы болып танылып жатырмын. Қызымыз елге танымал болып жатса біз қуаныштымыз. Тек қана қолдаймыз. Біз Алматыда, Жұлдыз Астанада тұрады. Алматыға келсе бірінші біздің үйге келеді», – дейді Қайрат Нұртастың енесі.

Қайрат Нұртастың енесі Айдарбековтердің қандай талап қойғанын айтты

Сұхбат барысында Қайраттың қандай күйеу бала екенін де сұраған едік. Қайын ене танымал әншінің ерекше қасиеттерін жіпке тізіп берді.

«Қайрат қарапайым, халыққа жақын. Ол да менің бір балам ғой. Өте жайлы. Қайрат пен Жұлдыздың балалары да Қайрат сияқты өте қарапайым. Олар адам жатырқамайды. Сондықтан Қайрат пен төрт немерем де бізге әрқашан жақын», – дейді Бекзада Кемелова.

Қайрат Нұртастың енесі Айдарбековтердің қандай талап қойғанын айтты

Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімованың әкесі ұстаз, анасы кітапханашы қызметін атқарған. Бес баланы дүниеге әкелген ата-ана бүгінде зейнетке шыққан. Қайраттың келіншегі отбасының төртінші перзенті екен.

 

Талқылау