Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың бейнебаянына түскен жігіт Айсұлу Әзімбаеваға сезімін білдірді

Шыңғыс Капин қойылымдарда бірге ойнайтын серігіне сезімін білдірді. Актердің ұнатқаны Айсұлу Әзімбаева екен. Мұнымен қатар, жуырда отандық арналардың бірінен жүлде алған Әзімбаева жеңісін Капинге арнаған болатын. Олардың кездесіп жүргеніне көп уақыт өтсе керек.

1

Фото: instagram.com/chingizkapin/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айсұлу Әзімбаева мен Шыңғыс Капин “АРТиШОК” театрында бірге жұмыс істейді. Қос актер көптеген қойылымда ғашықтардың рөлін сомдап, бірге билейді. Енді міне олардың бұл сезімі шынайы өмірге ұласқан сынды. Шыңғыс Капин кезекті жазбасы арқылы өзінің жүрегі мен бар ойы Айсұлуға тиесілі екенін айтып жатыр.

“Мен үнемі қайталанғанын қалайтын жоба бар. Неге дейсіз бе? Иә, бұл  есімдері аңызға айналған  Эдит Пиаф пен Френк Синатраның оқиғасы! Бұдан өзге сол қойылымда менің бар ойым мен жүрегімді жаулайтын жалғыз серігім бар. Сол серігімнің ән салып, французша сайрап, түрлі оқиғаны баяндап, жан-тәнімен беріліп билейтінін ұнатамын. Ол – Айсұлу Әзімбаева. Керемет актриса Айсұлу Әзімбаева “Бақытты жандар ән салады” қойылымында ойнайды. Біз Астанаға бірге бара жатырмыз!” – дейді Шыңғыс Капин.

Қос актердің кездесіп жүргендерін естіп желі қолданушылары қуанып қалды. Олар қос ғашыққа бақыт тілеп, жүрек жарды тілектерін жеткізді. “Бұл адамдарды шексіз жақсы көремін”, “Екеуің керемет жұпсыңдар! Сендерге бақыт тілеймін”, “Екеуіңнің сырт келбетің бір-біріңе ұқсайды. Екеуің де керемет актерсыңдар”, “Бақытты болыңдар, ғашықтар” дейді желі қолданушылары. Мұнымен қатар, “Қос актер қайтадан кездесіп жүр ме?” деп таң қалғандар да болды.

Шыңғыс Капин жуырда Қайрат Нұртастың “Байқа” атты бейнебаянына түскен болатын. Десе де, көпшілік оны “АРТиШОК” театрының актер-бишісі ретінде таниды.


Жіберіп алмаңыз:

Тауға шыққан Айсұлу Әзімбаеваның басына найзағай түсе жаздады (видео)

Айсұлу Әзімбаева сұлулығының құпиясын ашты

Айсұлу Әзімбаева 30 мемлекетке саяхаттағанын айтып, жұртты қайран қалдырды

Айсұлу Әзімбаева Еуропадағы ең биік шыңды бағындырды (фото, видео)

Ота жасатқан Әзімбаева шетелде денсаулығын қалпына келтіріп жатыр

Талқылау