Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың әйелі шашын қысқа қылып қиып тастады (видео)

Бүгінде қолаң шашын қысқа етіп қидыру жұлдыздар арасында сәнге айналған тәрізді. Отандық шоу-бизнесте бұл бастаманы продюсер Баян Алагөзова бастаса, артынша қызы Айсәуле Бақытбек, тележүргізуші Динара Сәтжан, актриса Гүлназ Жоланова да шаш үлгісін өзгерткен еді. Ендігі бұл қатарға Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әдбікәрімова қосылды, деп жазады Stan.kz.

Жұлдыз Әдбікәрімова

Сұлулылығы көз тойғысыз Жұлдыздың қолаң шашы одан сайын әдемілік үстеп тұратын еді. Алайда ол шаш үлгісін өзгертіп, қысқа қылып қиып тастаған.

Ол жаңа шаш үлгісін Insta-Storis-те көрсетті.

«Бас аман болса, шаш өсер», – деп жазды ол.

 

Өз кезегінде желі қолданушыларының дені Жұлдызға қысқа шаш жарасатынын айтып, сұлулығына тамсанды.


Талқылау