Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың әйелі пластикалық ота туралы ашық айтты

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы пластикалық ота туралы сөз қозғап, өзінің аталған отаның көмегіне жүгінген, жүгінбегені туралы ашық айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Қайрат Нұртастың әйелі пластикалық ота туралы ашық айтты

Жұлдыз Әбдікәрімованың сөзінше, бүгінде пластикалық отаға жүгінетіндер саны күн санап артып келеді.

“Пластикалық ота… Бұл отаға жүгінетін жандардың саны күннен күнге артуда. Кейбіреуі денсаулығына байланысты ота істетсе, бірі сән үшін және пластиканың құмарына кіріп кеткендер отаға жүгінеді.
Ал өзім пластикалық отаға жүгініп көрген жоқпын, қажеті жоқ болғандықтан. Аллаға шүкіршілік айтамын, 12 мүшемнің түгел, денімнің сау, аман болғанына. Мен өзімді, сырт келбетімді және тәнімді жақсы көретін жандардың қатарынанмын. Бірақ жасым ұлғайған кезде пластикалық ота жайлы ойлануым мүмкін… бәрі мүмкін”, – деп жазды ол Instagram-парақшасында.

Өз кезегінде Жұлдыз ешкімді ота жасатқаны үшін сөге алмайтынын айтты. Себебі әркім өзі шешеді, дейді ол.

“Иә, қазіргі таңда ешкімді Жаратқанның сыйға берген табиғи сұлулығын сөзбен айтып жеткізбес бұрын, тіпті дәлелдей де алмассыз. Әрине пластикалық отаға жүгінгендерден шынайылықты сарапшылар ғана ажырата алатын шығар, бірақ өзіме бәрі-бір. Әркім өзі шешеді. Сондықтан артық «дұрыс», я «бұрыс» деп сөгуге болмас. Әлеуметтік желілерде бәрі ашық түрде, денесі мен бетіне бір жаңалық енгізгендей сурет, видео жүктеп, жазба жазады. Бұл, менің ойымша, артық. Осыдан-ақ көпшіліктіңі ой-пікірі нағыз табиғи сұлулықпен жүрген қыз- келіншектерді көрген кезде, көздері шағысып, өздеріне сенбей, әйтеуір мін тағып отырады. «Ой, ақшам болса мен де істетіп, сұлу бола аламын,  «Барлық жерін істетіп алған», «Шаш жалғап алған. Қас, жақ істетіп алған ғой», – деп әңгімелерін доғарар түрлері жоқ. Тіпті, бұған дейін бір құбжық болғандай, апарып тастайды”,- дейді актриса.

Жұлдыздың сөзінше, өзін пластикалық ота жасатты деп айыптайтындар саны көп. Сондықтан пластикалық ота туралы ашық айтуды жөн көріпті.

“Өзім біреуге кінә тағудан аулақпын. Десе де желіде мені салыстырып, ортаға салып талқылаудан алдына жан салмайтын белсенді желі қолданушылар да жетерлік. Менің келбетімді 10 жыл бойы пластикалық xиругиядан өткен деген әңгімеден кейін туындаған өз ойым ғой… Өздеріне 100 пайыз сенімді, айтып жүрген сұлуларға арналады. Соған қарағанда, менің келбетім мінсіз болып тұр-ау!

Дегенмен әрқайсыңызға рақмет айтамын! Аман болыңыздар! Ең бастысы, Құдай қосқан қосағыма жар, құдай берген балаларыма әлемдегі мінсіз ең сұлу ана екенімді білемін!” – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау