Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың анасы: Келінім ұнатпаса, өзім-ақ жоламауға тырысушы едім

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұрасты қорғап сөйледі. Иә, әншіге «анасының баласы», «үнемі анасымен жүреді», «анасының арқасында танылды» деген тәрізді сындар жиі айтылады. Алайда Қайраттың анасы мені алақанына салып жүргені үшін, жүрегіне тиетін сөздер айтпасаңыздар екен, дейді, деп жазады Stan.kz.

Қайрат Нұртастың анасы: Келінім ұнатпаса, өзім-ақ жоламауға тырысушы едім

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, Қайраттың бала күннен бергі арманы анасын бақытты ету болған.

«Қайратымның ең алғашқы әнінде «Теңізді де кешіп өтіп жетпей ме, сағынғанда өз баласын ару ана» деген жолдары бар еді. Баламның анаға деген құрметін барша аналардың ұл-қыздарына тілер едім. Кішкентай кезінен бала арманы мені бақытқа жеткізу болатын. Сол армандарын орындап, алақанына салып жүргені үшін, жүрегіне тиетін сөздер айтпасаңыздар екен. Мысалы, неге анасы жанында деген сияқты», – деп жазды продюсер Instagram-парақшасында.

Айдарбекованың айтуынша, егер келіні ұнатпса, баласы мен немерелерінің бақыты үшін, өзі-ақ іргесін аулақ салар еді.

«Келінім ұнатпаса, өзім-ақ еш ренжіместен, баламның бақыты үшін: «Жоқ, балапандарым, менің шаруам көп», – деп, жоламауға тырысушы едім. Орталарында бақыттан басымның айналып жүргені Жұлдызымның да алтын жүрегі, адал келінім болғаны шығар», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау