Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың әкесі енді актерлікте бағын сынап көрді

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков “А+А” атты отандық мелодрамада басты рөлдердің бірін сомдады.

image

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Осы уақытқа дейін Нұртас Айдарбеков “Жыл өтсе де” атты жеке альбомын шығарған болатын. Аталған альбомға 15 ән енген. Ішінде баласымен дуэт құрып орындаған туындылар да бар. Жұлдызды әке енді міне “А+А” атты отандық мелодраммада бой көрсетпек.

“3 жасынан бастап аудандарда қойылымдарда ойнап, қанынан келген өнерімен халықтың қошеметіне ие болған жолдасым бүгінде кино әлеміне шақыртылды. Алла қаласа бағасын бересіздер”, – деп продюсер Гүлзира Айдарбекова сүйінші сұрады.

13117812_170959559966369_1566009232_n

Фильмнің үзіндісін көрген желі қолданушылары түрлі пікір білдірген. Бірі “Базар жоқ, мен бұлай ойнайды деп ойламаппын. Әке мен бала нағыз өнер адамдары екен. Алла тіл көзден сақтасын”, “Керемет! Тезірек шықса екен тамашалайтын” десе, енді бірі “Осылар да қоймайды” деп продюсердің қуанышты жаңалығын мақтаншақтыққа балаған.

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков соңғы кезде әншілігімен елге танылып жүр. Ол осыған дейін екі бейнебаян түсіріп үлгерді. Оның “Жылдар өтсе де” деп аталатын бейнебаянына әйелі Гүлзира Айдарбекова мен баласы Қайрат Нұртас түсті.


Оқи отырыңыз:

Директоры Қайрат Нұртас туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа бермек

Қайрат Нұртас үнділерден ән ұрлап жүр ме

Қайрат Нұртас Америка стейктеріне арнап ән салды

Тест: Сіз расымен де Қайрат Нұртастың жанкүйерісіз бе?

 

Талқылау