Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртасты анасы туған күнімен құттықтай алмай жатыр

Арманы адастырмай өнердің шыңына шыққан әнші Қайраттың бүгін 27 жасқа толды. Оны туған күні басталмай жатып құттықтаған достары көп болды. Алайда бірінші болып құттықтағысы келген анасы ұлына хабарласа алмаған екен.

e7a6b7ebe782

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осыдан бір жыл бұрын әнші туған күнін Мейрамбек Беспаев, Мұқасан Шахзадаев, Ринат Гайсин, Төреғали Төрәлі, Арман Дүйсенов, Айқын Төлепберген сынды өмірдегі, өнердегі ағаларымен, достарымен бірге өткізген болатын. Биыл 27 жасын көпшілікпен өткізуді қаламай, тек отбасы мен жақын достарының арасында атап өтуді жөн көріпті.

Ананың көңілі балада демекші, баласы алыста болса да, Гүлзира Айдарбекқызы туған күнімен бірінші болып құттықтағысы келген. Алайда желі бос болмағандықтан, жүрегіндегі жылы тілегін жеткізе алмапты. Дәл қазір әнші Қарағанды қаласында гастрөлдік сапарда жүр.

1

9

4

Бұл туралы Гүлзира Айдарбекқызы “Мінекей Қайраттың 25 ақпан туған күні басталды. Тура 00:00-де телефон соғып құттықтаймын деп қанша дайындалып тағатсыздана күтіп едім, сөйлесуім мүмкін болмады. Ала алмағаным үшін өкінбедім, қайта қуандым. Себебі ол тек менің емес халықтың да баласы. Сіздер еш үздіксіз звондап құттықтап, жақсы тілектер айтып жатқандарыңызды біліп мəз болып, Аллаға сансыз шүкіршілік айтып отырмын. Сіздерге де қуанышты күндер тілеймін!” – деп анасы еш реніші жоқ екенін айтты.

image

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қайрат Нұртастың ауырып жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау