Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртаспен бір тойда болған Нұржан Төлендиевтің әрекеті жұрттың қызу талқысына түсті (видео)

Ақтауда өткен тойда өнер көрсеткен Қайрат Нұртасты белгілі актер, «Алдараспан» театрының директоры Нұржан Төлендиев шымшып алды. Өз кезегінде көпшілік актердің бұл әрекетін түсінбей қалды, деп жазады Stan.kz.

Қайрат Нұртаспен бір тойда болған Нұржан Төлендиевтің әрекеті жұрттың қызу талқысына түсті (видео)

Қайрат Нұртас той кезінде «Алматының түндері-ай» әнінің сөзін Ақтау деп өзгертіп, музыканттардың сүйемелдеуінсіз шырқады. Осы кезде асаба болып жүрген «Тука» оны белінен шымшып алды.

Өз кезегінде желі қолданушылары Нұржанның әрекетін түсіне алмай, түрлі сұрақтар жаудырды.

 

«Не үшін шымшып алды?», «Нұржан Төлендиевтің тартқыштағаны біртүрлі болды», «Тука өзің жүргізе бер деп ренжіп кетті ғой деймін», «Қайтайық дегені шығар», – деп топшылады пікір қалдырушылар.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Тұрсынғали Алагөзовтің ұлы әкесін сотқа берген еді.

Талқылау