Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас өзі туралы жалған ақпарат таратқан журналистерге ренжулі

Елімізге танымал әнші Қайрат Нұртас өзі туралы жалған ақпараттың жиі жазылатынын айтып, журналистерге адамгершілік мәселесі туралы ұмытпауға кеңес берді.

image-8

Фото: youtube.com

Бұл туралы baistars.kz хабарлайды.

КВН-де “Қайрат Нұртас Қазақстанның картасында жоқ ауылдарға да барған” деген әзіл жиі айтылады. Мұндай әзілді көтере білетін әнші мәдениет үйі жоқ ауылдарды аралағанын да жасырмайды. Тіпті, бір концертінде микрофонның сымы қысқа болып, сахнадан сығалап тұрып ән айтқан екен.

Шынымды айтсам, нақты санамаппын. Он жыл ішінде қанша аймақты араладық. Сахна таңдамадық. Мәдениет үйі жоқ ауылдардағы мектептің спорт залында ән айттық. Ол кездегі аппаратуралар да қазіргідей дамымаған. Микрофондар тек сыммен жұмыс істейді. Бір ауылға концерт бердік, микрофон тоғының қысқалығы сондай, сахнаның ортасына дейін жетпейді. Әуелі халық алдына шығып, амандасып алдым да, сахнаның бір шетінен сығалап тұрып ән айттым.

Екі-үш ән біткенше әрең шыдадым. Жұртшылықты толық көріп, еркін қимылдай алмаған өте қиын. Менің сол жағдайымды байқаған көрермендердің жаны ашыды ма екен, «Қайрат, микрофонсыз-ақ айта берші, ортада тұрып» деп шулады. Араларындағы бір қыз «Ән де айтпай-ақ қой, әншейін ортада тұршы» деп бәрімізді ду күлдірген. Қазір бәрі басқаша, Аллаға шүкір”, – дейді әнші.

Соңғы уақытта өзі туралы интернет беттеріне шығатын алып-қашпа сөздер мезі етсе керек. Ол рейтинг қуып, адамдаргешілікті ұмытқан журналистерге ренжіп жүргенін айтады.

“Орынсыз сын мен өсек-аяң менен бұрын анамның жүрегіне қаттырақ батады. Кез келген ана солай қабылдар еді. Ал негізі, бәрінің аузына қақпақ бола алмайсың. Көпшіліктің адамы болған соң, ондай жағдайға мән бермеуге тырысамын. Алайда, мен жайлы шыққан жалған ақпарат жастардың тәрбиесіне, тыңдарманның түсінігіне кері әсер етпесе деймін. Соңғы уақытта рейтинг қуған сайттар іліктен бүлік шығарып, қисынсыз дүниелерді жазып жатады.

Қитұрқы тақырыптарды қойып, елдің шатасуына сеп болады. Жоқ жерден сенсация жасағысы келетін сияқты. Осы тұста журналист қауымы тек рейтингті емес, адамгершілікті де ойласа екен. Мен де пендемін ғой. Кейде достарымның арасында емін-еркін отырғым келеді. Сол сәтті пайдаланып, ұялы телефонға түсіріп алып, таратып жіберетіндер де бар. Соған қарным ашады”, – деп Қайрат Нұртас бәрінен де анасының көңіліне алаңдайтынын жеткізді.

Жақын күндердің бірінде ол тыңдармандарын жаңа бейнебаянымен қуантты. Енді еліміздің бірнеше қаласына гастрөлдік сапармен барып, ән кешін өткізбек. Ал, шілде айында өз өмірі туралы тағы да бір фильм түсірмек.


Оқи отырыңыз:

Директоры Қайрат Нұртастың әйелі киноға түседі деген ақпаратты жоққа шығарды

Сиви: Қайрат Нұртастың жаңа фильмінде басты рөлді әйелі сомдайды

Қазақ эстрадасындағы сүйіктілерін жасыратын жұлдыздар

Айқын өнердегі әріптесі Қайрат Нұртастан кешірім сұрады

Директоры Қайрат Нұртас туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа бермек

Талқылау