Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас: “Жұбатуға арналады” деген әнім шықпай жатып хит болды (видео)

Миллиондаған көрерменнің жүрегін жаулаған әнші Қайрат Нұртас жақында көрші Қырғыз елінде үлкен кешін өткізіп қайтты.

a7bBWK3uEXg

Бұл туралы 31 арнадағы “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтылды.

Үлкен стадионда 5 мың адам жинаған әншіні тыңдарманы да, табынушылары да қатты сағынған көрінеді. Тіпті Қайрат қолында жеп тұрған құртын табынушыларына сүйіп бергеніне еш қымсынбайтын сияқты.

“Гримерныйдың ішінде, мен құрт жақсы көремін. Құрт жеп отырсам, қолдарын созады. Не берерімді білмеймін, барын беріп қойдым да”, – деді әнші Қайрат Нұртас.

Жылына 3 бейнебаян түсіріп, 15-ке жуық жаңа ән жаздыратын Қайрат бүгін тағы да бейнебаян түсіріп жатыр. Арулардың жүрегін ауыртып, жиі мазалайтын Қайрекең бұл жолы жұбатуға көшкен. Сөзін ақын Еркебұлан Кенеханов жазған әннің аты да “Жұбатуға арналады” деп аталады. Клиптегі махаббат оқиғасын бимен суреттемек.

“Әні Валентин мырзанікі, “Жұбатуға арналады бұл әнім” деп аталады жаңа әнім. Осы әнге жаңа бейнебаян түсіру үстіндеміз. Сценарийде қыз бен жігіт махаббатын бимен білдіртеміз. Арасында өзім де билеймін”, – деді әнші.

Әрбір әні хитке айналатын әншінің бұл әні де шықпай жатып үлкен сұранысқа ие болыпты

“Бұл ән шықпай жатып хит болды, шықпай жатып халықтың сұранысы көп, қаншама тыңдармандарым сұрады, қашан шығады деп күтуде, 80-90 пайыз сенімім бар, ән хит болатынына”, – деді Қайрат.

 

Талқылау