Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас желіде байқау ұйымдастырды

Қайрат Нұртас инстграм желісінде байқау ұйымдастырды. Ол жеңімпазды өзі таңдап, артынша 10 тыңдарманымен кездесу ұйымдастырмақ. Ал кездесу тек Алматы, Астана қалаларында өтеді.

14072905_684470865048681_1156373772_n

Фото: instagram.com/kair_n/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Өзге әріптестері секілді Қайрат Нұртас та желіде байқау ұйымдастырды. Байқау шарттары да тыңдармандарына таңсық емес. Оның шартына сәйкес желі қолданушысы Қайрат Нұртастың орындауындағы “Өмір ғажап”, “Орындалмаған арман”, “Шіркін-ай” сынды әндердің ковер нұсқасын айтуы тиіс. Кейін ән айтқан сәтін таспалап, оны желіге #KairatCover хэштегімен жүктейді. Осыдан кейін жеңімпаз қыркүйек айының 1-і күні анықталады.

Ерекше өнерімен әншіні тәнті еткен 10 жеңімпаз Астана және Алматы қалаларында Қайрат Нұртаспен кездесу мүмкіндігіне ие болады. Мұнымен қатар, отандық брендтердің бірі қымбат сыйлықтарын ұсынады.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың бейнебаянына түскен жігіт Айсұлу Әзімбаеваға сезімін білдірді

Меруерт Түсіпбаева: Қайрат Нұртас киімін тегін берсе де кимеймін (видео)

Қайрат Нұртас пиджагын көрерменге сыйлады (видео)

Қайрат Нұртас: Назарбаевтан қолтаңба алғым келеді

Тыңдармандары Қайрат ерекше құттықтаған сұлу бойжеткеннің кім екенін біле алмай әлек (видео)

Талқылау