Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды (фото, видео)

Тыңдармандарын хит әндерімен қуантып, көпшіліктің жүрегіне жол тауып жүрген Қайрат Нұртас «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Тәуелсіздік күніне орай Қайрат Нұртас «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова Instagram желісіндегі жеке парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті.

«Ананың мәңгілік жеңісі – өз баласының жемісі . Ал баласының жеңісі – жетістігі. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Қолбасшысы, генерал-майор Əмриев Талапкер Қыдырұлының қолынан «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды», – деп жазды продюсер.

 

Өз кезегінде желі қолданушылары Қайратты марапатымен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды. Десе де желі қолданушыларының кейбірі әншіге аталған марапаттың не себепті берілгенін сұраумен болды. «Құтты болсын! Бірақ не үшін берілді?», «Ол әскери адам емес қой», – деп жазды желі қолданушылары.

 

Оқи отырыңыз:

КВН: Қазақстандық команда Жоғары лигада тұңғыш рет чемпион атанды

Димаш Құдайберген Қытайдың орталық телеарнасына сұхбат берді (видео)

Қайрат Нұртас жұбайы рөл сомдайтын фильмдерді тек өзі түсіретін болады

Өмірім қайта айналып келсе, сол қызға үйленер едім: Тәуекел Мүслім жан сырын айтты (видео)

Талқылау