Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас Қазақстанға деген махаббат сезімін білдіруге шақырды

Биыл ел тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде айтулы мерекеге дайындық қызу жүріп жатыр. Әр азамат шама-шарқы келгенше Тәуелсіздік мерекесінің сәтті тойлануына атсалысуда. Мәселен, Қайрат Нұртас пен Қыдырәлі Болманов көк байрақ Туымызбен бірге түскен суреттерді жариялау эстафетасын бастады, деп хабарлайды Stan.kz.

14533639_1515672228450100_4896217165016858624_n

Қайрат Нұртас Тәуелсіздік мерекесін Жаңа жыл мейрамының тасасында қалдырмау үшін еліміздің көк байрағымен суретке түсіп желіге жариялауға ұсыныс жасады.

«Біз барлығымыз өз еліміз, Отанымыз – Қазақстанды сүйеміз, қазір мен сіздердің әрқайсысыңыздың Қазақстан жалауымен суретке түсіп, оны #I_LOVE_KZ xештегімен орналастыруға шақырамын! Еліміздің жалауымен селфиге, суретке түсіңіздер, дакфейс, снапчат жасаңыздар! Біздің идеямызды қолдаңыздар және достарыңыз бен таныстарыңызға жеткізіңіздер, сіздердің барлық таспаларыңыз біздің жалаудың сары-көк түсімен жарқырай берсін! Елімізге деген маxаббатты осылай жеткізуге тырысып көрейік! Жылдағыдай Тәуелсіздік күнін жаңа жылдың көлеңкесінде қалдырмау өзімізге байланысты!» – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Сол сияқты танымал продюсер Қыдырәлі Болманов өз отбасымен бірге Тумен бірге түскен суретін жариялап, желідегі жазылушыларына бастамасына қосылуды ұсынды.

болмановтар

«Аталарымыздың арманы болған, ақ білектің күшіменен, ақ найзаның ұшыменен қорғап өткен, арман еткен, Алла бірақ бізге, ұрпағына нәсіп еткен, қасиетті де киелі Тәуелсіздігімізге 24 күн уақыт қалды. Бүгіннен бастап Қазақстан мемлекетінің әр тұрғыны әлеуметтік желілерде әр түрлі, ең бастысы, көк байрақ Туымызбен, үлкен болсын, кішкентай ту болсын, отбасымызбен, жеке болсын, ауылда, қалада болсын, бұрын түскен, ертең түсетін, бәрібір.. Ең бастысы ниет! Өз Тәуелсіздігімізді өзіміз ұлықтау флэш-мобын қабыл алыңыздар! Жалғастырыңыздар! Еліміздің тәуелсіздігінің тұғыры биік болуына жүректерімізді де, жанымызды да сарқа салайық! Алладан күнде тілейік! Өзіміз әрекет жасайық, құрметті қазақстандық бауыр-қарындастарым! Жан емес маған керегі, көк Тудың желбірегені!» – деп жазды белгілі продюсер желідегі парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас жаңа бейнебаянының тұсауын кесті (видео)

Қырғыз әншісі Абай Бегейдің танымал әнін ұрлап алды (видео)

Әли Оқапов: Анама әкемізден басқасын жолатпаймыз деп айтқан емеспін

Ирина Тен, тележүргізуші: Қазақ отбасына келін болуға дайынмын

Талқылау