Қайрат Нұртас Шымкенттегі ең әдемі қонақ үйді ағасы салғанын айтып мақтанды

Бейсенбі, 2 Маусым , 2016 17:03

Елімізге танымал әнші Қайрат Нұртас Шымкенттегі ең әдемі қонақ үйді өзінің ағасы салғанын айтып мақтанды. Мұнымен қатар, отандық кәсіпкерлерге әрдайым қолдау көрсететінін жеткізді.

1

Фото: vipsound.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Қайрат Нұртас кілем тоқитын зауытқа барып, отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсеткен-ді. Тіпті жұмысшыларға арнап тегін ән салған. Әнші бұл жолы кәсіпкер ағасының жетістігімен бөлісті. Ағасы шырайлы қаладағы “Шымкент” қонақ үйін қайта қалпына келтірген екен.

“Менің ағам Шымкенттегі бұрыннан келе жатқан қонақ үйді жоғары деңгейде қайта жасақтап, ерекше көрік беріпті! Қызмет көрсетуі де өте жоғары сапада екен. Қазағымның іскер жігіттерінің әр бастамасы сәтті болсын!

Әрқайсымызға осылай ел дамуына үлес қосуды бұйырта берсін! Елге деген махаббатымызды, патриоттығымызды осылай еңбекпен дәлелдеп, іспен көрсете берейік! Қазақтың жігіттері арыстандай ғой”, – деп әнші елімізде мақтауға тұрарлық кәсіпкерлердің көп екенін айтып өтті.

1

Әншінің бұл әрекетін тыңдармандарының бірі мақтаншақтыққа баласа, енді екіншілері құп көрген. Желіде өзара сөз таластырып, ренжіскендер де бар.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас намазға жығылды (фото)

Тыңдарманы концертте Қайрат Нұртастың пенжегін алып қайтармай қойған (видео)

Айқын өнердегі әріптесі Қайрат Нұртастан кешірім сұрады

Қайрат Нұртастың әкесі енді актерлікте бағын сынап көрді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар