Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас семейлік мүмкіндігі шектеулі жігітке костюмін сыйлады (видео)

Қайрат Нұртас Семейде өткен концертте мүмкіндігі шектеулі азаматқа өзінің бағалы сахналық костюмін сыйлады.

kajrat_nurtas_bajka_2015_hit

«Мына костюм сізге бұйырып тұрған сияқты. Шын жүрегіммен тарту етемін. Жақсылық болсын», – дейді Қайраттың өзі. Ал видеоны желіге Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Үсенқызы жүктеген.

«Бүгінгі Семей стадионындағы жеке кешімізден. Бұл жолы Қайрат өзі қалаған адамына тарту еткен тəрізді. Жолы болып, жақсылық болсын», – деп жазды ол.

Ал Қайраттың костюміне ие болған азамат әнші мен оны тәрбиелеп, өсірген ата-анасына алғысын жаудырды.

Айта кетейік, жуырда ғана Қайрат Нұртас сахналық киімдерін елге үлестіріп беруінің себебін түсіндірген еді. Әнші осы күнге дейін оннан аса костюмін халыққа таратқан. Анасы кей кездері концертке киер киім таппай қалатынын айтса, Қайрат осылайша халықтың қошеметіне жауап қайтарғысы келететінін жеткізген еді.


  Жіберіп алмаңыз: 

Қайрат Нұртас: “Жұбатуға арналады” деген әнім шықпай жатып хит болды (видео)

Қайрат Нұртас «Сүйсең сүйем» әнін скрипка, баян және гитараның сүйемелдеуімен орындады (видео)

Қайрат Нұртас: Барахолкада ручка сатқан ашқұрсақ кезімді ешқашан ұмытпаймын

Қайрат Нұртас жаңа фильмін қандай жанрда түсіретінін білмей жүр

Талқылау