Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас «Сүйсең сүйем» әнін скрипка, баян және гитараның сүйемелдеуімен орындады (видео)

Қайрат Нұртас «Сүйсең сүйем» әнін баян, скрипка және гитараның сүйемелдеуімен орындады. Қазақ жігіттерінің басын қосып, әрқайсысына бір-бір аспаптан ұстатқан әнші ел азаматтарын бірлікке шақырды.

13556835_1378685672157842_1274446364_n

«Ассалаумағалейкүм, қазақ елі! Қазақтың жігіттері әрқашан бір болса, біздің аяғымызды ешкім шала алмайды», – деп бастады ол сөзін. Әрі қарай үш жігіттің көмегімен, аспапатардың сүйемелдеуімен өз әнін шебер орындап шықты. Тыңдармандары сүйікті әншілерінің қарапайымдылығына, отансүйгіштігіне тәнті болды. Тіпті, бұған дейін Қайраттың әндерін тыңдамайтын жандардың өзі алдағы уақытта әншінің шығармашылығын жіті бақылап отыратындығын айтқан.

«Түркиядағы үлкен дүкендерде сенің, Төреғалидің әндері шырқалып тұрғанда мақтаныш сезіміне бөлендік», «Жанды дауыста өте керемет, жарайсың», «Қайрат Нұртасты тыңдамаушы едім, бірақ мына әні қатты ұнады», «Қазақтың өнердегі талантты азаматтары жасай берсін», – деп пікір білдірді олар.

Айта кетейік, аталмыш әнді Қайрат Нұртас Ғазизхан Шекербековпен бірге орындайды.

Жіберіп алмаңыз: 

Қайрат Нұртас: Барахолкада ручка сатқан ашқұрсақ кезімді ешқашан ұмытпаймын

Қайрат Нұртас жаңа фильмін қандай жанрда түсіретінін білмей жүр

Қазақстандық блогер Қайрат Нұртасқа сахнаға шығып түкіруді ұсынды

Қайрат Нұртас қымбат киімдерін елге үлестіріп беруінің себебін түсіндірді

Талқылау