Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас пен Айдар Тұрғанбеков қажылыққа аттанды (фото, видео)

Қазақстандық қос әнші Қайрат Нұртас пен Айдар Тұрғанбеков жұма күні қажылыққа аттанды.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қайрат Нұртас пен Айдар Тұрғанбков жер бетінде ең бірінші тұрғызылған үйге барып, Алла алдындағы парызын өтеп жүр. Әншілер жуырда намазға жығылып,  ораза ұстаған болатын.

Бұл жаңалықты Гүлзира Айдарбекова мен әншілердің өнердегі достары Рысбек Аташ жеткізді. Олар сәт-сапар тілеп, көздеріне жас алып отырғандарын айтты.

1

Гүлзира Айдарбекова баласының суретін әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеп тұсына “Меккеге шығарып салып тұрған сәттен. Алла амандық беріп, енді елімізге қайта аман-есен оралуын нәсіп етсін! Қайсар және Жандос ағаларымен” деп жазып қойған.

Жұма күні қажылыққа аттанған әнші осылайша туысқан ағаларына ілесе барған екен. Мұнымен қатар, әнші БАӘ-де құстарға қаппен жем шашып, қайырымдылық жасаған-ды.

13414313_1747217298825555_268852155_n

Тыңдармандары әншіге ақ жол мен сәт-сапар тіледі. Мұнымен қатар, мұны жарнамалаудың еш қажеті жоқ екенін айтып сынағандар да болды.

Қайрат Нұртаспен қатар қажылыққа Айдар Тұрғанбеков те барған екен.

Амин!!!

Видео опубликовано Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

 

#KN Қайырлы таң ағайын✋ Ниеттеріңіз қабыл болғай🕋☝️🙏

Видео опубликовано Кайрат Нуртас PRODUCTION (@fc_kairat_nurtas)

“Айдарым, Қайратым, қажы атануларыңызбен! Аман-есен оралыңыздар! Алланың қалаулысы, таңдаулысы болып  Алланың алдындағы парыздарыңызды орандап жатырсыздар! Алла сауаптан жазсын. Елде жүріп көріп қуанып, жасыратыны жоқ қуаныштан жаста келіп қалып жатыр. Дұға етіп қойыңыздар! Күмәнсіз қабыл болады”, – дейді “Арай” тобының солисі Рысбек Аташ.


Жіберіп алмаңыздар:

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қажылыққа барды

ҚМДБ: “Көрсетілім” үшін қажылыққа барудан бас тарту қажет

Қазақстандықтар қажылыққа үш қаладан тікелей рейстермен қатынай алады

Мұхаммед Әли не себепті мұсылман болды

Талқылау