Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас отырған ұшақ Қазақстанға қона алмай кері ұшқан (видео)

Күні кеше Қайрат Нұртас пен Айдар Тұрғанбековтың қажылыққа аттанғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Қос әнші араға бір апта уақыт салып елге аман-есен оралды. Алайда Қайрат Нұртас отырған ұшақ Қазақстанға қона алмай, Меккеге қайтып ұшып кеткен екен.

image

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Дәл қазір әнші үйінде. Ол елге орала салысымен отбасы мол дастархан жайып, туысқандарын қонақ қылған. Дастархан басындағылар әншінің сапары туралы әңгімесін ұйып отырып тыңдаған-ды.

Қиындықтары артта қалса да, анасы баласы үшін уайымдағанын жасырмайды. Себебі әнші отырған ұшақ Қазақстанға қона алмай, Меккеге қайта ұшып кеткен.

“Қуанышымызда шек жоқ. Баламыз аман-есен елімізге жетті. Ұшақ 4 сағат ұшып келіп қона алмай Мекке ұшып, одан Қазақстанға қайта ұшып 12 сағат дегенде әрең келді. Жүрегіміз орнына түсті-ау әйтеуір. Әуелі бір Алла, одан кейін сіздердің тілеулестіктеріңіз қолдап, қорған болар. Баршаңызға алғысым шексіз!” – дейді анасы.

Бугин куаныштан уйкыда кашты.Уйкыларыныз тыныш болсын!

Видео опубликовано Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Бұл хабарды естіген желі қолданушылары тілектес екендерін жеткізіп, сүйікті әншілеріне ұзақ ғұмыр тіледі.


Жіберіп алмаңыздар:

Қайрат Нұртас: Меккеге мақтану үшін емес, жүрегімнің қалауымен келдім

Қайрат Нұртастың жасаған қайырымдылығы жұрттың пікірталасына айналды (фото,видео)

Қайрат Нұртастың ШҚО-дағы концерті террористерден сақтану мақсатында болмауы мүмкін

Қайрат Нұртас допинг дауына ілінген Ильяға қолдау білдірді

Талқылау