Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас: Назарбаевтан қолтаңба алғым келеді

Қостанайда Қайрат Нұртас Қала күніне арналған концертінің алдында баспасөз мәслихатын өткізді,- деп жазды өңірлік Alau.kz порталы. Әнші шығармашылық кешінде қостанайлықтарға ерекше сыйлықтар әзірлеп қойғанын және жиналғандарды қызықтырған өзге де сұрақтарға жауап берді.

нұртас

«Мен Қостанайда бұған дейін де болғанмын. Қайта қауышқаныма ризамын. Қостанай мен Рудный әкімдеріне ерекше алғыс айтамын. Ал концертім жаңалыққа толы болады деп айта аламын. Жанды дауыстағы ән, жаңа костюмдер, би бәрі жаңа болады»,-деді әнші.

Жиналғандар көпшіліктің әншіден қолтаңба алғысы келетінін, ал әншінің өзі кімнен қолтаңба алғысы келетінін сұраған еді. «Әрине Нұрсұлтан Әбішұлынан қолтаңба алғым келеді»,-деп жауап берді Қайрат Нұртас.

 

 

Талқылау