Қайрат Нұртас: Мейрамбектей ағамызды Алланың сыйға бергеніне қуанамын

Жұма, 10 Қараша , 2017 9:53

8 қараша күні Республика сарайында өткен Мейрамбек Бесбаевтың “Елге сәлем” атты ән кешінде белгілі әнші Қайрат Нұртас та өнер көрсетті. Ол үлгі тұтатын ағасымен бірге “Махаббат деген” әнін шырқады. Сахнада бал-бұл жайнап тұрғанымен, Қайрат оған дейін біраз қобалжығанын жасырмайды. Себебі өзі концертке кешігіп келген.

Бұл туралы Zhuldyz.tv арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

“Мысалыға, менің кешім болатын болса, менен кейінгі інілерім кешігіп не “серьезно” қарамай жатса, мен ұрсып, қан қысымым көтеріліп болмаса көңіл-күйімді түсіріп, бәрінің быт-шытын шығарар едім. Ал бұл кісіге бір ырза болған жерім, өзінің кеші екенін біле тұра, жүйкесін ауыртпай: “Ештеңесі жоқ. Келе бер Қайрат, бәрі әдемі, зор болады”, – деп маған өзінің қылықтарымен шабыт сыйлады. Соған мен де рахаттанып, шабыттанып, дайындалып отырмын. Сондай қасиеттері өте көп ағамыздың. Өнерде осындай үлгі тұтатын ағамызды Алланың сыйға тартқанына өзім қатты қуанамын”, – дейді Қайрат.

Жіберіп алмаңыз:

Жазира Байырбекова аяғы сынған соң, амалсыз қыз ұзатқан (видео)

Ерке Есмахан: Қалайда бай табуым керек

Қайрат Түнтеков ауыр дерттен көз жұмған қарындасына ән арнап, елді жылатты (видео)

Мейрамбек Бесбаев 30 жылдық концертінен кейін дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар