Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас: Меккеге мақтану үшін емес, жүрегімнің қалауымен келдім

Әнші Қайрат Нұртас өзін мақтаншақ деп сынаған желі қолданушыларына жауап берді.

image

Фото: instagram.com/kair_n/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Қайрат Нұртас пен Айдар Тұрғанбековтың Меккеге аттанғанын естіп тыңдармандары қуанған-ды. Мұнымен қатар, әншінің кей әрекетін желі қолданушылары мақтаншақтыққа балаған болатын. Қайрат өз кезегінде тыңдармандарына сәлем жолдап, Меккеге тек жүрегінің қалауымен келгенін айтты.

“Менің сүйікті оқырмандарым, бұл қасиетті қалаға Алланың қалауымен табан тіредік. Кейбіреуіңіз жазып жатқандай, жұртқа жариялап мақтану үшін емес, жүрегімнің қалауымен келдім! Қуанышыммен, ерекше толқынысыммен бөлісу арқылы сіздердің де осы жаққа келуге құлшыныстарыңыз арта түссе екен деген ниетім бар. Себебі шын қалап, Алладан сұрасаңыз, бәрін өз көзіңізбен көруге мүмкіндік беру оған оп-оңай!

Достарым, тек жақсылықпен бөлісейік. Ерсі, ашық-шашық дүние толған ғаламторға Алланың үйін салсам, бұл әрекетімнен әбестік көрмеңіздер. Тек жақсы жағын алыңыздар! Барша 1 млн 200 мың оқырманым, Жәннатқа лайық болып, осы жерге келулеріңізді нәсіп етсін! Жақсылыққа шақырудан жарысайық! Қасиетті айда тек жақсы сөз айтып, сауабымызды еселейік!” – дейді Қайрат Нұртас.

Тыңдармандары әншінің бұл ойын құп көрді. Арасында осыған дейін жазған пікірлеріне бола кешірім сұрағандар да болды.


Жіберіп алмаңыздар:

Қайрат Нұртастың жасаған қайырымдылығы жұрттың пікірталасына айналды (фото,видео)

Қайрат Нұртастың ШҚО-дағы концерті террористерден сақтану мақсатында болмауы мүмкін

Қайрат Нұртас допинг дауына ілінген Ильяға қолдау білдірді

Әнші Қайрат Нұртас мешіт салдырмақ

Талқылау