Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас концертіне немқұрайлы қарай бастаған ба?

Бір кездері Қайрат Нұртастың әр жұмысынан ізденіс пен жаңашылдық көрініп тұратын. Алайда соңғы уақытта хитменнің белсенділігі төмендей бастағандай. Мәселен, Қайрат жақын арада өтетін концертіне әлі дайындықты бастамапты.

Қайрат Нұртас

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елдің сүйікті әншісіне айналған Қайрат бүгінде өзгерген. Үш мың адамға арналған ән кешінде Қайрат тыңдарманын қалай таңғалдыратынын әлі білмейді. Себебі дайындықты әлі бастамаған.

“Дайындық әлі жүріп жатқан жоқ шынымды айтсам. Негізінде аяқ астынан бір апта дайындық жасап, фишкалар табамыз ғой”, – дейді Қайрат Нұртас.

Сондай-ақ, осыдан бірер күн бұрын хитмен жаңа альбомының тұсауын кесті. Хитмен тойды шетке ысырып, енді әнжинақ арқылы табыс табуға көшті ме?

“Жоқ! Енді менің қаржы жағына ешқандай қатысым жоқ! Оның барлығын анам өздері жасап жатады. Сондықтан қай жақтан қаржы түседі, неден қаржы түсетінін мен білмеймін!” – дейді Қайрат Нұртас.

Бұдан өзге, Қайрат ізінен өкшелеп келе жатқан жастарға білгенін үйретпек ниетте.

“Өнерде қалай жүру керек, қалай ән салу керек, қалай әнді таңдап айту керек. Сол жағынан сәл-сәл үйретіп кететін ойым бар. Тек қана бұл жерден ән салып қана шықпай, өзіме ұнаған балаларды ән жаздырып, аранжировкасын істетіп сахнаға шығу деген ойым бар!” – дейді Қайрат Нұртас.

Былтырғы жылы түгел отбасын қатыстырып, концерт берген Қайраттың биылғы жоспары басқа. Әнші концертке қатысатын отбасы мүшелерінің қатарына нәзік жандыларды қоспаған. Себеп – Жұлдыздың телеэфирдегі жұмыс кестесі. Ал қос қызы сабақтан бас алмайды. Сондықтан да Қайрат жанұядағы азаматтармен бірге “Нағыз еркек” атты концерт бермек.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау