Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас ірі сауда орталығын “көліктен” түспей аралады (видео)

Әнші ірі сауда орталығының ішін “көлікпен” аралады. Видеоны көрген жұрт оның қарапайымдылығына қайран қалды.

Безымянный

Фото: instagram.com/kair_n/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күнделікті түрлі жаңалығымен бөлісетін жұлдыздардың қатарында Қайрат Нұртас та бар. Ол әдетте демалысының қалай өтіп жатқанын, фирмалық кәуаптарын қалай әзірлейтінін көрсетеді. Бұл жолы ол киім дүкендерін “көліктен” түспей аралаған сәтін таспалап, артынша видеосын бөлісті.

Әншінің әдеттегідей көңіл-күйі көтеріңкі. Көлік жүргізушісімен сөйлесіп, қасында жүрген әріптестері мен бауырларын таныстырды. Алайда ірі сауда орталығында еркін жүрген Қайратты жұрт танымай қалса керек. Айналасындағылар мүлдем дерлік оған назар аудармады.

✊✊✊🇰🇿🇰🇿🇰🇿#KN

Видео опубликовано Кайрат Нуртас (@kair_n)

“Қалай күшті! Қайрат, көп болды сурет салмай кеттіңіз ғой”, “Қайрат, мен сізді қарапайымдылығыңыз үшін ерекше сыйлаймын”, “Иә, Қайратпен жүрген адамның іші пыспайды”, “Алла жар болсын сізге” дейді желі қолданушылары. Мұнымен қатар, “Осы Қайраттың жүрмейтін жері жоқ. Адамды қызықтырады да отырады” деп жағымсыз пікір білдіргендер де болды.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас Мейрамбектей әншілердің қадірін кеш түсінуден сақтандырды

Қайрат Нұртастың гироскутердегі биі қыздарға ұнап қалды (видео)

Ноғай әншісі Қайрат Нұртастың хит әніне бейнебаян түсіріп алған (видео)

Беларусь ақыны Қайрат Нұртасқа орысша ән айтуды ұсынды

Қайрат Нұртас көлікте ән салып, оны “асқан” жылдамдықпен айдады (видео)

Талқылау