Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас философия ғылымдарының магистрі атанды (фото, видео)

Қайрат Нұртас Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінің магистратурасын тәмамдады. Ол философия ғылымдарының магистрі атанды.

19425550_655895247942615_1453211891227688960_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, философия кафедрасында магистерлік диссертация қорғадым”, – деп жазды Қайрат.

Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім Қайраттың жұмысын жоғары бағалап, оған кітабын тартулады.

Ал тыңдармандары Қайратты жаңа ғылыми атағымен жарыса құттықтап жатыр.

19428685_145631695994589_468373124295950336_n

“Жан-жақты болған жақсы, құттықтаймыз”, “Құтты болсын, еңбегіңнің жемісін көр”, “Жігітке жеті өнер де аз, еңбегің жансын Қайратжан. Ел не десе о десін, сен нағыз қарапайым, ұлтжанды азаматсыз”, “Еңбегіңіз жемісті болсын”, – деп ақ тілектерін жаудырды желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Төреғали Төреәлі өзінің әке атанғанын хабарлады

Димаштың концертіне байланысты Астанада жол қозғалысы шектеледі

Асанәлі Әшімовтің ұлы әкесінің 80 жылдығына ән арнады (видео)

Асхат Садырбай көп жылдан кейін ұлымен кездесті

Талқылау