Қайрат Нұртас еш жерде айтпаған сырымен бөлісті

Сәрсенбі, 9 Наурыз , 2016 10:26

Арманы адастырмай талай биік шыңды бағындырған әнші бір көрген жанға сырын ашуға құмар. Бұл әдеті үшін де өмірден көп опық жеп, талай өкінген-ді. Алайда әнші Қайрат Нұртас бұл жолы сырын өзі ашып, осыдан жиырма жеті жыл бұрын анасының ажал аузынан алып қалғаны туралы айтып берді.

maxresdefault

Бұл туралы журналист Майя Бекбаеваның “Жан сырым” бағдарламасында баяндады.

Қайрат Нұртастың сахна төріне шығып, ерекше танымал болуына анасының көп еңбегі сіңген. Баласы ән салып жүргенде, анасы шоу-бизнестегі бар мәселені өзі реттеді. Бәсеке мен бақталастық сынға түскен заманда Қайраттың адамгершілік сынды қасиетін жоғалтып алмауына септігін тигізді. Әншінің өзі де “Бәрі тек менің емес, анамның арқасы. Менде талант пен халыққа берерім, басымда құдайдың берген бағы бар. Ал жұмыстың барлығын істеп, шырылдап жүрген менің анашым. Өз баласы үшін неге шырылдамасқа” деп көп еңбектің анасына тиесілі екенін айтты.

image

IMG_2497 (Копировать)

Расымен де, анасы дұрыс жол сілтеп, өнерге бағыттап қана қойған жоқ. Сәбиі дүниеге келгелі оның тыныштығын қорып келді. Осыдан 27 жыл бұрын Қайрат Нұртас дүниеге келгенде, перзентхана өртке оранған екен. “Мені босанған соң анам екі сағаттан кейін тұрып, жүгіріп кеткен. Перзентханада өрт басталған, сәбилер болса бөлек бөлмеде жатыр. Анам маған қарай жүгіріп келсе, көп кішкентай балалар жатыр екен. Қайсысы өзінің баласы екенін білмейді. Сонымен маған ұқсайтын екі сәбиді алып жүгірген. Қараса біреуі ұқсайды, екіншісі онша келіңкіремейді. Анамның енді барынша тырысқаны ғой. Сол өрттен аман алып қалды. Бірақ осы уақытқа дейін анам мен үшін көп еңбек етті” деп болашақта анасының уайым-қайғысыз өмір сүруіне барлық жағдайды жасағысы келетінін айтты.

image-73 (1)

Бұдан өзге әнші продюсері туған анасы екеніне қуанатындығын жасырмады. Барғысы келмеген жерлерден еркелеп жүріп бас тартатын көрінеді.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Қайрат Нұртас Павлодардағы концертінде тыңдармандарының көңілін қалдырғаны туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

8
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар