Қайрат Нұртас депутат болса, сахнадан кететінін айтты

Жұма, 29 Қаңтар , 2016 12:53

Қайрат Нұртас өзінің депутат болғысы келетінін, ол үшін көп ізденіп, білімін жетілдіру керектігін айтты. Және депутат болып жатса, сахнадан кететінін де жасырмады, – деп хабарлайды Информбюро.

12599020_1548812128743797_77545741_n

«Менің депутат болғым келеді. Ол үшін көп білім алып, көп іздену керек. Мен қазір білімімді кеңейтіп, ағылшын тілін оқып жатырмын», – деді Қайрат Нұртас.

Қайрат Нұртастың айтуынша, ол мәдениет саласын дамытуды ойлайды. Оның пікірінше, әнші 10 жыл ішінде Қазақстанды аралап, ғаламторы жоқ ауылдарда да болған.

«Біз барлық жерді аралап жүрген соң, бәрінен хабардар болып жүреміз. Сондықтан қазақ тілі мен мәдениетімізді дамытуға үлес қосқымыз келеді. Ауылдарда көптеген талантты жастар бар. Мен соларға көмектессем екен деймін. Мен «Нұр Отан» партиясының кандидаттар тізіміндемін», – дейді Қайрат.

«Мен өнер адамымын. Мен өнер жолын тастап кетпеймін және оның дамуына үлесімді қосамын. Егер, депутат болып жатсам, сахнадан кетемін, әрине», – дейді әнші.

Өткізбеңіз:

Esentayyevvaa-620x413Есентаева жас әншілердің депутаттықа ұсынылуын сынға алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар