Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халық:Қайрат Нұртас депутат болса, мәжіліске анасын да ертіп бара ма

Қайрат Нұртас депутаттыққа үміткерлер қатарына енген соң, әлеуметтік желі қолданушылары арасында осындай сауал туындап, қызу пікір-талас жүрді.

kayrat_nurtas_gulzira_aydarbekova

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Facebook желісінде Darkhan Mukani атты қолданушы “Құрметті, НұрОтандықтар! Қайрат Нұртас депутат болса, мәжіліске де анасын ертіп бара ма?” деген сауал қойды.

Қолданушылардың бірі ондай жағдайда Қайраттың сөзіне дейін анасы дайындап беретін шығар деп қағытты. Енді бірі Қайраттың анасы оның көмекшісі болатын шығар деп қалды.

Алайда желі қолданушылар арасында Қайраттың жақтастары да табылып, оның депутат болуына ешқандай қарсылық білдірмейтінін айтты. Оның анасын сыйлап жүретінін тілге тиек етіп, анасын құрметтеп жүргеннің айыбы жоқ екенін айтып дауласты.

Елге танымал ақын Маралтай Райымбекұлы да пікір, жазып “Қайратты анасымен бірге сайлау керек. Анасы ғой Қайратты Қайрат қылған”, – деп жазды.

Қайратқа қатысты бір қолданушы оның әншілік абыройын жоғалтпай, осы қалпында сахнада жүре беруіне кеңес берді.

Келесі бір қолданушылар көпшіліктің әншіні көреалмаушылық салдарынан, осындай дау туып жатқанын айтады.

Талқылау