Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас Денсаулық елшісі атанды

Қазақстандық актерлер мен әншілер төс белгімен марапатталды. Қазақстандағы денсаулық елшілерінің міндетіне салауатты өмір салтын ұстанып, өзгелерге насихаттау жұмысы кіреді.

Қайрат Нұртас

Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

«БҰҰ-ның ізгі ниетті елшілері атақты әртістер, музыканттар. Батырхан Шүкенов ізгі ниетті елші болды. Бұл жақсы тәжірибе. Адамдар танымал жандары жақсы қабылдайды. Сіздер ел назарында жүрген жандарсыздар. Біз мұны ортақ іске пайдаланғымыз келеді», – деді Біртанов.

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Нұртастан бөлек Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Әлімжанов, , әнші, кәсіпқой боксшы Ибрагим Ескендір еліміздің ең алғашқы денсаулық елшілері атанды.

«Біз Қазақстанның денсаулық елшісі» дегенді қолға алдық. Сіздер арқылы дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысуды халыққа жеткізгіміз келеді. Біз бұған қатысты 1000 шара өткізуіміз мүмкін. Бірақ сіздердің бір ғана ұсыныстарыңыздың нәтижесі одан артық болады», – дейді Елжан Біртанов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау