Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас биге қалай дайындалатынын көрсетті (видео)

Қайрат Нұртас өзінің биге қалай дайындалатынын көрсетті. Әнші хореография сабағынан көрініс жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

kairat_24

Жалпы шығармашылық байланыстағы адамдардың көпшілігі Қайраттың еңбекқорлығын, кәсібилігін жоғары бағалайды. Мәселен, отандық музыкалық телеарнаның басшысы Тимур Балымбетов түсірілім кезінде аңғарған дүниелерімен бөлісіп, Қайратты өз ісінің кәсіби маманына теңеді. Оның айтуынша, Қайрат түсірілім барысында ешқашан шағымданбайды. Режиссер мен бейнебаянға жауапты адамдардың айтқанын тыңдап, тіпті, түнімен ұйықтамаса да шыдамдылық танытады.

Ал мына видеода танымал әнші өзінің орындауындағы “Сен де, мен де” әніне билейді. Тыңдармандары да әншінің еңбекқорлығын ерекше атап өтіп, тәнті болды.

“Талмай еңбек етудесіз, жарайсыз, тоқтамаңыз”, “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Қайрат, жарайсың”, “Өте жақсы билейсіз”, “Өзіңе әндерің де, биің де жарасып тұрады”, – деп пікір білдірді Қайраттың жанкүйерлері.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың бір күнде қанша табыс табатынын білесіз бе?

Әли Оқапов үйленетінін естірткен кезде анасының не дегенін айтып берді

Тест: Жұлдыздардың қайсысының жасы үлкен екенін анықтай аласыз ба?

Сиви Махмұди “істер ісі жоқ байдың қызы” деп айыптағандарға жауап берді

 

Талқылау