Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас “Байқа” атты бейнебаянының тұсауын кесті (видео)

Жақын күндердің бірінде туған бөлесін ұзатқан Қайрат Нұртас өзінің шығармашылығын да ұмыт қалдырмаған. Фильм түсіруді қолға алып, тыңдармандары сүйіп тыңдайтын әнге бейнебаян түсіріп үлгерген.

image

Фото: gakku.kz

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Бүгін әнші “Байқа” атты бейнебаянының тұсауын кесті. Көптен бері бейнебаян түсірмей кеткенін әншінің өзі де мойындайды. Мұны уақытының көп бола бермейтіндігімен түсіндірді. Бұдан өзге қай әнге түсіретінін таңдай алмай ұзақ жүрген-ді.

“Байқа әні көп адамға ұнайды. Сол себепті осы әнге бейнебаян түсіруді жөн көрдік. Барлығы классикалық киімде болады. Бетперде тағып, адамдар бір-бірін таппай жүреді. Байқаның сөздерін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Байқа, алдап жүрмесін сені. Ниеті мен жүрегі таза жігіттерге қара. Алданып қалма деп қазақ қыздарына айтатын ағалық ақылым бар”, – дейді Қайрат Нұртас “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында.

Енді әнші Петропавл, Екібастұз, Жаңаөзен сынды қалаларға гастрөлдік сапармен барып, тыңдармандарын қуантпақ. Мұнымен қатар, ол жақында “Мазала” атты әнге түсірілген бейнебаянын ұсынады.

Талқылау